Елімізде 2 мыңнан астам самокат жүргізушілері жол жүру ережесін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2 мыңнан астам самокат жүргізушілері жол жүру ережесін бұзған

10.10.2023

Елімізде 2 мыңнан астам самокат жүргізушілері жол жүру ережесін бұзған. Олардың ішінде 700-ден астам кәмелет жасқа толмай көлік түрін тізгіндегені үшін жауапқа тартылса, 400-ге жуығы жеке қауіпсіздік құралдарын пайдаланбаған. Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен арнайы құқықтық түсіндіру жұмыстары кезінде айтылды. Онда полицейлер Елорда тұрғындарына электрлі самокатты пайдаланудың жаңа ережелерін түсіндіріп, жеке қауіпсіздік құралдарын таратты. Естеріңізге сала кетейік, биыл 30-тамызда «Жол жүрісі туралы» Заңға жылдамдығы сағатына 25 км-ден аспайтын электрлі самокаттарды пайдалану бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Біздің өткізіп жатқан акциямыздың негізгі мақсаты - электрлі самокат қолданушылардың күшіне енген заңды қаншалықты білетіндігін тексеру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біз жасалған құқықбұзушылақтардың түріне қарай жауапқа тартамыз. Жасаған құқықбұзушылықтарына байланысты 2АЕК пен 10АЕК ралығында жауапккершілік қарастырылған.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу