Ақтөбеде жасөспірімдердің жүгенсіздігі тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жасөспірімдердің жүгенсіздігі тыйылмай тұр

10.10.2023

Ал, Ақтөбеде жасөспірімдердің жүгенсіздігі тыйылмай тұр. Бұл жолы қалада көше шамдарын қиратқан екі оқушының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мына бейнекөріністі балалардың өздері түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Жасөспірімдердің Есет батыр тұрғын үй алабының екінші шағын ауданында жарық шамдарды сындырып жүргенін анық көруге болады. Құқық қорғаушылар 9-ыншы және 7-інші сыныпта оқитын екі баланы анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар шешім қабылдау үшін ювеналдық сотқа жолданады. Екі оқушы да арнайы есепке алынды.

Әсет Қалиев, Қалалық полиция басқармасының бастығы:

Материал ювеналдық сотқа шешім қабылдау үшін жолданатын болады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арнайы есепке алынды және Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясында олардың тәртіптері міндетті түрде қаралады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу