Бүгін 16 сағат 45 минутта Тель-Авив қаласынан Қазақстанға арнайы борт ұшып шықты. Бұл рейс Израильде жүрген отандастарымызды елге жеткізу үшін арнайы ұйымдастырылған. Израильдің әр қаласында жүрген отандастарымыз Тель-Авив қаласының әуежайына жиналған. Олар бір-бірін қолдарына ұстанаған Қазақстанның жалауы арқылы тапқан. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Израильдегі консулдық есепте 77 азамат тіркелгенін, 5 студент сол елде оқып жатқанын айтқан. Тағы 30- ға жуық қазақстандық медицина мекемелерінде тағылымдамадан өтуде. Барлығы 112 адам. Бұдан бөлек жұмыс бабымен немесе емделуге барған азаматтар да бар. Жалпы консулдықтың есебінде жоқ 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін.
Бүгінгі бортта 166 жолаушы бар, екеуі бала. 124-і Қазақстан азаматы және 42-сі шетелдік. Бүгін түнде ұшақ Алматы қаласына келеді деп жоспарланған. Ол жақтан елге оралмаған азаматтарымыз әлі де бар. Біз бірімен сұхбаттасқан едік. Назар аударайық.
Қазақстандық ұялы байланыс операторлары да, Израильдегі отандастарымызға қолдау танытып жатыр. Олар роумингте 3 ГБ интернет трафик пен 30 минут тегін сөйлесуге мүмкіндік ұсынды. Бұл пакет алдағы 14 күн бойы қол жетімді. Тура осындай жеңілдік Ауғанстанға көмекке кеткен құтқарушыларға да, берілді.
Оңғар Алпысбайұлы