Шымкентте «Ақтабан шұбырынды» қырғынына 300 жыл толуына орай ғылыми басқосу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Ақтабан шұбырынды» қырғынына 300 жыл толуына орай ғылыми басқосу өтті

10.10.2023

«Елдің атын ер шығарар, ердің атын ел шығарар». «Ақтабан шұбырынды» қырғынының болғанына 300 жыл толуына орай Шымкентте осындай тақырыпта ғылыми басқосу өтті. Онда Аңырақай және Бұланты шайқастарына қатысқан Тоғанас батырдың ерен ерліктері сөз болды. Баһадүрдің туып-өскен жері Шымкент қаласы. Ондағы қасиетті Қошқарата өзенінің бойы. Тоғанастың тағы бір ерлігі қилы заманда жауға шабар жігіттерді тәрбиелеуі. Батыр оларды ат құлағында ойнап, ыстық-суыққа төзімді, баршылық пен жоқшылыққа мойымайтын төзімді де қайратты болуға шынықтырды. Соның арқасында қазақ даласында «Тоғанас әскери мектебі» қалыптасты. Конференция батырдың өмірі мен ерлік істер ғылыми дәлелдер арқылы көпшілікке танытуды мақсат етті.

Мұхитхан Үмбетұлы, тарихшы-этнограф:

Ардақтап, тарихтың бетіне шығару үшін зерттеу керек. Біздің айтып жатқанымыз сол. Бабалар жөнінде тарихи мәліметтер аз. Бірақ жоқ емес, бар. Соны архив материалдары арқылы негіздеп, тарих төріне шығаруымыз керек.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу