Министрліктер 54 млрд теңгені игермеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрліктер 54 млрд теңгені игермеген

10.10.2023

Биыл министрліктер 54 млрд теңгені иегере алмаған. Бұл жайында Үкімет отырысында белгілі болды. Сондай-ақ жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі де сөз болды.

 Азамат Бейбітұлы, тілші:

Биыл 9 айында министрліктер 54 млрд теңгені иегере алмаған. Бұған әртүрлі себеп бар. Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруді тапсырды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жол картасын әзірлеуді жүктеді. Жалпы елімізде колледждерде маман даярлауға бөлінетін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін екі есе ұлғайту жұмыстары пысықталып жатыр. Ал өрт қуіпсіздігі бойынша айтсақ, өкінішке қарай, жыл басынан бері жер үйден шыққан өрттен 200-ден аса адам қаза тапты. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты. 

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу