Щучьедегі студенттің өліміне қатысты іс қатаң бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучьедегі студенттің өліміне қатысты іс қатаң бақылауға алынды

10.10.2023

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды. «Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын теміржол бойынан жоғары техникалық колледждің 4-курс студентінің денесі табылған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу