Ақтөбеде газ құбырынан ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде газ құбырынан ақау шықты

10.10.2023

Ақтөбеліктер өткен түнде ұзақ уақыт бойы естілген ұшақ дауысына ұқсас қатты дыбыстан шошып қалды. Кейін «Береке» деп аталатын тұрғын үй алабында газ құбырынан ақау шыққаны анықталды. Қала тұрғындарын әбігерге салған қандай дыбыс? Ақау жөнделді ме?

Жақсыбек Кемал, тілші:

Кеше түнгі сағат 20:51-де Төтенше жағдайлар департаментіне газ реттеу бекеттерінің бірінде жарылыс болғандығы туралы хабарлама түскен. Алайда, газ жарылысы емес, құбырдан ақау шыққаны анықталды. Оқиға орнына мамандар жіберіліп, газдың ауаға таралуы тоқтатылды. Ал тұрғындарды көгілдір отынмен қамту тоқтатылған жоқ. Қасындағы қосымша желіден газ берілді. Ақау бүгін тотығымен жойылатыны хабарланды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу