Қарағанды облысында 4 бірдей үй апатты деп танылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 4 бірдей үй апатты деп танылуы мүмкін

09.10.2023

Қарағанды облысының Приозерск қаласында 4 бірдей үй апатты деп танылуы мүмкін. Қауіпті баспаналарға техникалық сараптама жасалған. Жұртшылық қорытындысын күтіп алаңдаулы. Егер сараптама қорытындысы бойынша үйлер тұруға жарамсыз деп танылса, 174 отбасы қайда барады? Аймақтағы тілшіміз Руслан Нұрланұлы мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

-Приозерск қаласында 4 көпқабатты үй апатты деп танылуы мүмкін. Мамандар техникалық сараптама жасаған. Қорытындысы қазан айының соңында дайын болады. Мәселен мына үй 1978 жылы салынған. Мұнда 78 отбасы жандарын шүберекке түйіп тұрып жатыр.

Жұбантаевтар жанұясының осы пәтерде тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Уақыт өткен сайын ескі үйдің іргетасы отырып, қабырғалары сөгіліп жатыр, - дейді отағасы. Есіктердің жақтауы қисайып, терезелер жарылып кеткен.

Қайырғали Жұбантаев, Приозерск қаласының тұрғыны:

-Подъезд де отырып жатыр уже. Сатылардан да белгілі, жарылып-жарылып отырып бара жатыр. Жылдан-жылға кетіп барады. Білмеймін биыл үй бермесе квартира жалдап кетеміз ба, қорқамыз уже.

Тұрғындардың шағымынан соң биыл жергілікті билік өкілдері қаладағы 4 бірдей үйге сараптама жасатты. Оның екеуі 50 жыл болған ескі үй, қалғаны жаңа. Сараптама қорытындысы қазан айының соңында шығады. Тек содан кейін ғана әрекет етеміз, - дейді әкімдік өкілдері. Апатты болса үй бұзылуы мүмкін. Ал қауіп болмаса қайта жөнделеді.

Гүлмира Күлшібаева, Приозерск қаласының тұрғыны:

-Енді отырмыз, как на чемоданах дей ма. Қай күні құлайтынын да білмейміз төбемізден. Терезелердің бәрі қисайған. Қай күні шығарып жібереді, квартира бере ма, бермей ма точно решениесін нақты ешкім айтпай отыр.

Маржан Хуразова, Приозерск қаласының тұрғыны:

-Менің өзімнің 6 бала-шағам бар. қайда барамын например үй тауып бермесе. Тауып береміз временно дейді, тауып берсін, одан сразу документально бізге өткізіп берген жақсы ғой дұрыс па.

Жауапты мамандар үй бұзылған жағдайда ешкім де баспанасыз қалмайды деп отыр.

Бейбіт Майбасов, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

-Қорытындысы шыққаннан кейін егер де аталған 4 үй апатты деп танылса әр отбасы, әр адам үйсіз қалмайды. Бәрін үймен қамтамасыз етіп, заң жүзінде берілетін болады. Тұрғын үй қорындағы бос пәтерлерді бөліп, равнозначный пәтерлер береміз.

Приозерск қаласында көпқабатты 76 тұрғын үй бар. Биыл 684 миллион теңгеге тағы 60 пәтерлі 15 үй салған. Келесі жылы да бірнеше баспана тұрғызу жоспарда бар. Алайда қазір 320 адам үй кезегінде тұр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу