Израильде консулдыққа тіркелмеген 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі қазір отандастарымызбен барынша байланыс орнатуға тырысып жатыр. Соңғы ақпараттар бойынша қақтығыс кезінде қаза тапқан, жараланған немесе тұтқынға алынғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілік өкілдері/ мессенджерлерде арнайы құрылған топтарда азаматтарымызбен ақпарат алмасып, нұсқаулықтар беріп жатыр.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
Қазақстанның Изрильдегі елшілігінің консулдық есебінде 77 азамат тіркелген.Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда. Изрильдің ЖОО Қазақстанның 5 студенті оқиды. Сондай-ақ 30 ға жуық қазақстандандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтуде. Барлығы 112 адам. Осы уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 азаматымыз ниет білдірді.
Оңғар Алпысбай