Air Astana компаниясы Тель-Авивте жүрген қазақстандықтардың елге оралуы үшін қажетті шараларды жасап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Air Astana компаниясы Тель-Авивте жүрген қазақстандықтардың елге оралуы үшін қажетті шараларды жасап жатыр

09.10.2023

Тель-Авивтен Алматыға жоспарланған КС650 рейсіне 138 жолаушы билет алған, оның 37-сі қазақстандық. 7 отандасымыз Air Astana интерлайн-серіктес әуекомпанияның рейсіне қайта брондалып, 19 адам билет құнын толық қайтаруды таңдаса, 3 жолаушы әлі нақты шешім қабылдамаған. Air Astana Израильдегі Қазақстан Елшілігі ашқан WhatsApp чатында Израильге/Израильден ұшуға қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы қызмет ететін жедел желіні құрды.

 Жолаушылар үшін тәулік бойы қызмет ететін жедел желі:

+7 (727) 244 44 78, +7 702 702 0074 (WhatsApp) ))

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу