Басты Жаңалықтар Түркістан облысында аудан әкімі сайлауына 30 кандидат ұсынылған

Түркістан облысында аудан әкімі сайлауына 30 кандидат ұсынылған

Түркістан облысында аудан әкімі лауазымына үміткер ретінде 30 кандидат құжат тапсырды. Ұсынылған кандидаттардың 9-ы саяси партиялар тарапынан, 21-і өзін-өзі ұсынғандар. Әкім болғысы келетіндердің ең көбі, яғни 9 үміткер Бәйдібек ауданында тіркеліп отыр. Қалған 8 кандидат Созақ ауданында, 7 үміткер Мақтаарал ауданында, 6 кандидат Шардара ауданынан ұсыныс берген. Кандидаттардың барлығы ер азаматтар. Үміткерлердің егдесі 61-де. Соңғы мәлімет бойынша 10 кандидат ресми тіркелген, ал 3 кандидат талапқа сәйкес келмеген. Айта кетейік, облыстағы 4 ауданның әкімі қайта сайланады.

Жеңіс Мақұлбаев, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қандай тәртіппен ұсынылып жатыр дейтін болсаңыз, көбінесе өзін-өзі ұсыну тәсілімен орын алып жатыр. Сондай-ақ саяси партиялардың атынан, басқа да партиялардың ұсынған кандидаттары бар.

Айнұр Әбілқасымқызы


Бөлісу