Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі кен орындарын барлау және өндіру жобаларына инвестор тарту қажет. Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша кеңес өткізіп, облыс басшылығына осындай тапсырма берді. Өңірдегі өндірістің 70 пайызын тау-кен металлургия саласы құрайды. Литий өндіретін 6 зауыт бар. Алайда, барланбаған кен орындары да жетерлік дейді Премьер-Министрі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларының да даму әлеуеті талқыланды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Үкімет жыл сайын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін қомақты қаржы бөледі. Тек Шығыс Қазақстан облысының шаруаларына биылғы жылы бюджеттен 43 млрд теңге бөлінді, оның 26 млрд теңгесі субсидиялар түрінде. Бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану керек. Ең бастысы өнімділігі жоғары, қайтарымы мол жобаларға басымдық берілуі тиіс.
Айя Мүтәлі