Премьер-министр Өскемен титан комбинатындағы инвестициялық жобалармен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр Өскемен титан комбинатындағы инвестициялық жобалармен танысты

06.10.2023

Премьер-министр Өскемен титан комбинатындағы инвестициялық жобалармен де танысты. Кәсіпорында алдағы 10 жылда құны 160 миллиард теңгенің 25 жобасы іске аспақ. Қазір титанды өңдейтін тағы бір цех салынып жатыр. Ол 2028 жылы іске қосылады. Сондай-ақ Үкімет басшысы облыс орталығында әлемдік стандарттарға сәйкес салынып жатқан гематологиялық орталықтың құрылысын көрді. Медициналық мекемеде кардиология және кардиохирургия, сүйек кемігін трансплантациялау сияқты ем-дом түрлері жасалады. Үкімет басшысы Өскеменнің шетінде салынып жатқан сауда-қоймасының құрылысымен де танысты. Аумағы 20 мың шаршы метр болатын кешенде азық-түлік және ауыл-шаруашылғы өнімдері сақталады. Құны 33 миллиард теңгенің жобасы іске қосылғанда сол жерден Қытай мен Ресейге тіке тауар жөнелтуге болады. Прмьер- министр майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың жұмысын көрді. Кәсіпорын жылына 330 мың тонна өнім шығарады.


Хабарламаларға жазылу