Астық бағасы көтерілгендіктен еліміздің 13 өңірінде ұн қымбаттады. Нақтырақ айтсақ баға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қарағанды, Жетісу облыстарында өскен. Мәселен, Жетісу облысында қазір ұнның келісі 300 теңге. Ал кей сауда орындарында 50 келелік бір қап ұн 13-18 мың теңге аралығында. Облыста тұрақтандыру қорында қазір 58 тонна ұн бар. Ұнның келісі әлеуметтік дүкендерде 170 теңгеден аспайды. Мұнан бөлек Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бес айға жететін ұн қорын, яғни 3500 мың тоннадан астам бидай сатып алу жөнінде жергілікті наубайханамен келісімшарт жасасқан. Әлеуметтік нан бағасы 110-140 теңге аралығында.
Еділ Зайтбеков, Жетісу облыстық сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:
Қол жетімді бірінші сұрыпты ұнның түрлері бар. Соны біз өсіп кетпеудің, өсіріп жібермеудің нақты шараларын қолданып жатырмыз. Яғни ол мониторинг жүргіземіз. Және анықталған кезде айыппұл салынады. Бірінші кезекте біз ескерту беріп жатырмыз.