Өзара құрмет бейбіт өмірге бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзара құрмет бейбіт өмірге бастайды

06.10.2023

Қазақстан президенті БҰҰ-ның мінберінен қасиетті кітаптардың құқықтық қорғалу мәселесін көтерген бірден бір мемлекет басшысы. Қасым Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бүкіл әлемге үлкен ой салатын маңызды мәселе дейді АҚШ-тағы өркениеттер алмасу және ынтымақтастық қорының президенті Имам Башар Арафат. Адамзат баласы 21-ші ғасырға аяқ басса да түрлі діниалауыздықтың кесірінен, өзара құрметтің болмауынан зардап шегіп отырғанын айтқан имам өзгенің наным сенімін қорлау демократия көрінісі емес дейді.


Мохамад Башар Арафат, Өркениеттер алмасуы және ынтымақтастық қорының президенті:

Президент Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы баяндамасы шынымен Америкадағы біздер үшін тың ой тастап, әлем жұртшылығы назар аударуы керек өте маңызды мәселені көтерді. Өкінішке қарай БҰҰ-да мұндай өте өзекті мәселені басқа елдің президенттері көтергенін көрмедім. Сондықтан біз өзіміздің тарапымыздан діни жетекшілерді, әйелдер мен жастарды АҚШ халқымен алуан мәдениет бөлісуге шақырамын.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу