Елімізде жас діндер көшбасшылары форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жас діндер көшбасшылары форумы өтеді

06.10.2023

Елімізде жас діндер көшбасшылары форумы өтеді. Алқалы жиынды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық телеарнаға берген сұқбатында айтты. Шараға қатысушылар түрлі жаһандық мәселелерді көтереді. Климаттың өзгеруі, кедейлік, радикализммен күрес сынды тақырыптарды талқыға салады. Айта кетерлігі, биыл бірінші съездің өткеніне 20 жыл. Осы уақыт ішінде алаң дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға арналған халықаралық платформаға айналды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР ПарламентІ Сенатының төрағасы:

Бұл шараға жастарды көбірек тартпақшымыз. Съезд шеңберінде жас діндер көшбасшылары форумын өткізуді де жоспарлап қойдық. Көшбасшылардың келер ұрпағы да жақсы қарым-қатынас жасап, жаһандық проблемаларды шешуге ықпал етуі тиіс. Ол үшін бірқатар зерттеулер жасалмақ.

Сондай-ақ, сенат төрағасы сұхбат барысында діни әдебиетті қорғау туралы пікір білдірді. Оның ойынша, тиісті халықаралық Келісімді қабылдау туралы мәселені көтеретін кез келді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу