Сауда және Интеграция министрлігі: 13 өңірде ұн бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда және Интеграция министрлігі: 13 өңірде ұн бағасы өсті

06.10.2023

Астық бағасының көтерілуі нәтижесінде 13 өңірде ұн бағасы өсті. Нақтырақ айтсақ баға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қарағанды, Жетісу облыстарында өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.Оның сөзінше жалпы әлеуметтік азық-түліктің бағасы тұрақтандырылып, былтырмен салыстырғанда елімізде азық-түлік инфляциясының өсу қарқыны 3 есе төмендеген. Сонымен қатар, премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте соңғы 9 айдағы азық-түлік өнімдерінің бағасы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі жоспарлар талқыланды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу