Сарапшы: Жолдау жаңа мақсаттарға жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Жолдау жаңа мақсаттарға жол ашады

05.10.2023

Қазақстан саяси өзгерістерді жалғастыра отырып, жаңа экономикалық мақсаттар қоя да біледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты шетелдік сарапшылардың пікірі осындай.

Ұлыбританиядағы Винчестер университеті менеджмент кафедрасының доценті Бойдурджо Рик Мукхопадхьяйдің пайымдауынша, реформалар табысты жүзеге асырылған жағдайда ел дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі. Мукхопадхьяй мырза - Ұлыбритания, Еуро Одақ және Қытай үкіметтерінің министрліктерімен, жоғары білім беру орындарымен және талдау орталықтарымен белсенді жұмыс істеп жүрген халықаралық даму және менеджмент ісі бойынша экономист. Ғалым жаңартылатын энергия, кәсіпкерлік және инновация саларына маманданған.

Бойдурджо Рик Мукхопадхьяй, Винчестер университетінің доценті:

Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған батыл бастамалар қолға алынғаны және бұл салаға жүйелі түрде инвестициялар құйылып жатқаны қуантады. Бұдан бөлек пайдалы қазбалар өндірісіне жауапкершілікпен қарау, банк ісіне қаражат құю, жекешелендіру ісі, жоғары білім беруді халықаралық талаптарға сай ету және елді нығайтатын шағын және орта бизнеске қолдау білдіру жақсылықтың нышаны екендігін атап өткім келеді.


Хабарламаларға жазылу