Нұртөре Жүсіп: Шетелден діни білім алғандарды аттестациядан өткізу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртөре Жүсіп: Шетелден діни білім алғандарды аттестациядан өткізу керек

05.10.2023

Иордания, Египет, Түркия және Сауд Арабиясы сияқты елдерден діни білім алып келіп жатқан азаматтарды аттестациядан өткізу керек. Мұндай ұсынысты сенат депутаты Нұртөре Жүсіп білдірді. Оның айтуынша, жат ағымның жетегіндегілер қоғамның барлық саласында қызмет етіп жүр. Ал,бейресми деректерге сәйкес, діни білім ізденушілердің 75 пайызы ашық интернет ресурстарды пайдаланады. Деструктивті күштер сол ақпараттық кеңісті өз мүдделеріне пайдаланып отыр. Қазір осындай сырт күштерден азаматтарды арашалап алуға көмек көрсететін сауатты теологтар мен имамдар да тапшы,-деді сенатор. Ол депутаттық сауалында үкімет басшынан жастарды деструктивті ағымдардың жетегінен қорғау үшін бірқатар кешенді шараларды қабылдауды сұрады.

 Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мынау қолданыстағы заңнаманы шұғыл жетілдіру талаптарын алға қойдық. Сонымен бірге ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға байланысты талаптар қойылып отыр. Сосын мына шет мемлекеттерден өз бетінше білім алып келіп жатқан азаматтардың осы біздің дәстүрлі дінімізге сәйкестігін және тиісті деңгейде аттестациялау мәселелерін ұсынып жатырмыз.

 Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу