Өткен аптада Анкарада мемлекеттік мекемелер алдында бомба жарған шабуылшылар Сириядан барған. Мұны Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан мәлімдеді. Оның сөзінше, Ирак пен Сирияда кез-келген инфрақұрылымдық және энергетикалық нысан Күрдістан жұмысшылар партиясы мен оның одақтастарының бақылауында. Сондықтан бұл елдерде Түркияның әскери операциялар жүргізуі заңды.
Айта кетсек, жексенбі күні Анкарада бомба жарғандардың екеуі де жойылды. Бұл шабуылды көп кешікпей Күрдістан жұмысшылар партиясы өз мойнына алған.
Арыстан Рысбек