Абай облысының Үржар ауданында биыл заңсыз иеленген 72 мың гектар жер анықталған. Мамандар оның 12 мың гектарын мемлекет иелігіне қайтарды. Әкімшілік жанынан құрылған комиссия жыл соңына дейін тағы осынша телімді қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Егер шаруашылықта заңсыз иеленген жер анықталса, оның салығы 20 есеге дейін ұлғаяды. Сол себепті көп жағдайда қолданысссыз жатқан егістік, жайылымдық алқаптарды халық өз еркімен тапсырып жатыр.
Рифхат Исаев, Үржар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
Биылғы жылдың соңына дейін 25 мың гектар жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жоспарымызда бар. Тағы да заңсыз пайдаланылып жатқан жерлер бар. Сол бойынша халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ел азаматтарының атында жайылым жерлер бар. Олардың малы жоқ деген сияқты. Егістік жерлері бар. Олар бүгінгі күнде игерілмей отыр деген сияқты. Ондай жерлерді біз мемлекеттік қорға түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қайтардық.
Ержан Жақып