Президент әр адамның мықты маман, жақсы адам болып қалыптасуы ұстазына байланысты деді. Бүгінде елімізде педагогтардың мәртебесі артуда. Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Мемлекет басшысы жиында білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.