Ресейде рубль құлдырап, доллар қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде рубль құлдырап, доллар қымбаттады

05.10.2023

Ресейдің ұлттық валютасы құлдырап, бір доллардың құны 100 рубльден асты. Бір жылда рубль 70 пайызға құлдыраған. «Оған «Brent» маркалы мұнайдың бірден 5% - ға арзандауы себеп болды»- дейді сарапшылар. Бұған қоса Қытай юаньы да рубльге шаққанда өскен. Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағанымен, нәтиже жоқ. Соңғы екі айда Ресейдің ұлттық банкі базалық мөлшерлемені екі рет көтерген. Салдарынан азық-түлік, әуе билеттері, техника бағасы 30 байызға қымбаттады. Енді елде ипотекаға тұрғын-үй алу қиындай түспек.

Константин Апрелев, сарапшы:

Елде инфляция жоғары болғандықтан, ипотека алу үшін пайыздық мөлшерлеме өсті. Сондықтан несиеге сұраныс үш өсе төмендеген. Тұрғын-үй бағасы да көкке ұшты. Егер бұлай жалғаса берсе, ипотекалық бағдарламалардың бәрі жабылуы мүмкін.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу