Оралда Абай алаңындағы монументті теуіп, үстіне шығып секіріп жүрген балалардың әрекеті көпшілікті кейітті. Жеткіншектер үлкендердің ескертуіне де құлақ аспаған. Тәртіп сақшылары «тентектерді» тауып, қоғамдық орындағы заттарды бүлдіруге болмайтынын, мұның вандализм екенін айтып түсіндірген. Ата-аналарына да ескерту жасалды.
Ардақ Мұратқызы