Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді. Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді. Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады.