Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-інші Съезінде қабылданған декларацияға көптеген елдер қызығушылық танытып жатыр. Бұл туралы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының бас сарапшысы айтты. Келер апта елордада Съез хатшылығының кезекті отырысы өтеді. Онда жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар төңірегіндегі мәселелер талқыланбақ.
Салтанат Әлімқұлова, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының бас сарапшысы:
Биыл Үндістан, Түркия, Пәкістан, Израиль сынды елдерде осы тақырыпқа қызығушылық білдіріп, өздерінің елдерінде осында көтерілген мәселелерді арық қарай дәріптеуге қатысты бірқатар іс шаралар өтіп жатыр. Бұл деген бүгінгі таңда бейбітшілік, толеранттық, төзімділік, ұлтына нәсіліне қарамастан жалпы адамзаттың идеяларға, ортақ құндылықтарын дәріптеу бүгінгі таңда өте маңызды болып отыр.