Ақтөбеде қызылша ауруына қарсы жұмыстар күшейді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан қосымша 50 кереуеттік орын дайындалған.
Сондай-ақ, екпе алмаған дәрігерлер мен балаларға вакцина салынып жатыр. Қазір ауруханада 40 науқас бар. Оның 35-і -бала. Дегенмен дәрігерлердің айтуынша, жағдай жақсара бастаған. Өйткені осыдан он күн бұрын ауруханадағы науқастар саны жүзден асқан еді. Өңірде екпе алмаған 2700 бала бар. Олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 86 балаға вакцина салынды.
Нұргүл Сарманова, облыстың бас педиатр дәрігері:
Ақпан айында бірінші рет тіркелді. Одан бері бүгінге дейін 359 жағдай қызылшаға күдікті деп тіркелді. Оның ішінде 279-ы зертхана бойынша анықталды. Бұл 77 пайызды құрап отыр.
Жақсыбек Кемал