Ақмола облысында ата-анасы қан құюдан бас тартқан бөбектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Еске сала кетейін, миы ісініп, өкпесінің екі жағы зақымданғандықтан, комаға түскен 1 жасар 8 айлық бала 24 қыркүйек күні санавициямен облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, медициналық көрсеткіштер бойынша, бүлдіршінге шұғыл түрде қан құю қажет болыпты. Алайда, ата-анасы одан бас тартып, бала төрт күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Ұмсындық Наурызбаева