Алматыда Азиядағы ең ауқымды шара – «Алматы марафоны» өтті. Елуден аса елдің желаяқтары бақтарын сынаған дәстүрлі шараға 15 мыңнан аса адам қатысты. Адам ең көп жиналған бұқаралық шараның титулдық демеушісі – Kaspi.kz.
Республика алаңынан бастау алған марафон мерекелік атмосфераға толы болды. Шуақты ауа райы, көңілді музыка адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Жүгірушілерге қолдау көрсете келгендер де көп. Марафоншылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, алған әсерімен бөлісті.
Аман Есенгелдіұлы, марафонға қатысушы:
Ұйымдастырушыларға мың алғыс! Өте керемет! Өте жақсы ұйымдастырылған! Әсіресе, еріктілерге рахмет. Жолдың бойында бізді қолдап, демеу білдіріп жатыр. Мұның өзі, шыны керек, ерекше атмосфера.
Еренғайып Қуатайұлы, марафонға қатысушы:
Жүгіру 72 түрлі аурудың алдын алады. «Денің сау болса, жүгір. Әдемі болсаң жүгір. Сұлу болсаң, жүгір. Көп жасағың келсе, жүгір» деген нақыл сөздер бар.
Мұңайтпас Аманбек, марафонға қатысушы:
Басты демеуші болған Kaspi.kz-тің басшылықтарына көп рақмет!
Марафон – бұл баршаға арналған мереке. Жарыс жолына жалынды жастардан бастап, 80-дегі қарттарға дейін шықты. Биылғы ерекшелік 10 шақырым қашықтықта Қазақстан чемпионаты өтті. Ал скандинавиялық жүрістен 600 адам бір мезетте мәреге жетіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Экиден жарысына 70 команда қатысты. Оның арасында Kaspi қызметкерлері де 42 шақырымға жүгіріп, өз рекордтарын жаңартты.
Еркебұлан Сағымбаев, Kaspi.kz командасының капитаны:
2 сағат 33 минутта 42 шақырымды жүгіріп өтті жігіттер. Осының алдында 2019 жылы біз 2 сағат 36 минутта жүгіріп бірінші орын алғанбыз. Бүгін 3 минутқа тез жүгірдік. Өте жақсы дайындық болды. Бәрі жақсы.
Алматы Марафонға қатысу жарналары қайырымдылыққа жұмсалады. Бүгінге дейін балаларды сауықтыру мен спортты қолдау үшін 25 ірі жоба іске қосылған. Биылда жиналған қаражат бірнеше нысанның құрылысына бағытталады.
Қуан Нұрақын