Мемлекет басшысы «Қазпошта» басшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Қазпошта» басшысын қабылдады

02.10.2023

Мемлекет басшысы «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Кездесуде Президентке «Қазпоштаның» 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды.

Компания соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр. Әсел Жанасованың айтуынша, еліміздің шалғай елді-мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.

Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

Осы жылдың 8 айын алып қарайтын болсақ, біздің кірістеріміз 44 пайызға өсті. Бұл бірнеше факторларға байланысты. Бірінші, шығындарды қарастырып, оңтайландырып, 8,9 млрд теңге үнемдедік. Сәлемдемелер бизнесінің өсуіне байланысты 33 пайызға көлемі өсті.


Хабарламаларға жазылу