Азия ойындары: Қазақстан қоржынында 4 алтын, 7 күміс, 26 қола бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Қазақстан қоржынында 4 алтын, 7 күміс, 26 қола бар

02.10.2023

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан медаль саны бойынша жалпы есепте 10 сатыға көтерілді. Қазір біздің спортшыларымыздың қоржынында 4 алтын, 7 күміс, 26 қола медаль бар. Алғашқы үшеуін де мергендеріміз алып берді. Әуелгісін скит додасында рекорд жаңартып, алтын алған едік. Екіншісін Зухра Ирназарова қозғалатын нысандарды атудан еншілесе, үшінші алтынды да, алдарына жан салмаған стенд атудан спортшыларымыз алды. Ал бүгін ескекшілеріміз 500 метр қашықтықта алдарына жан салмай, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу