Мемлекет басшысы «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Кездесуде Президентке «Қазпоштаның» 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды.
Компания соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр. Әсел Жанасованың айтуынша еліміздің шалғай елді-мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.
Азамат Бейбітұлы