Павлодар облысында шаруалар шабындық жерден айырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шаруалар шабындық жерден айырылып қалды

02.10.2023

Павлодар облысы, Май ауданының шаруалары шабындық жерлерінен айырылып қалды. Шұрайлы алқапты әкімдіктегі жер комиссиясы басқа адамдарға беріп жіберген. Әділет іздеген фермерлер 25 жыл бойы осы жермен күн көріп келдік дейді.

Жанат Жұмабеков, шаруа қожалығының басшысы:

Аудан орталығында шешілмеді. Сосын облысқа келуге мәжбүр болдық. Жалғыз мен емес, менің қасымда жеті кісіміз. Міне қыс жақындап келеді. Біз әлі күнге дейін шөп шаба алмай отырмыз.

Май аудандық жер мәселелері жөніндегі комиссия иесі бар алқаптарды басқа шаруаларға қандай шартпен бергені белгісіз. Белгілісі, тұрғындардан өтініш түскен соң, комиссия мүшелері 7 қожалыққа тиесілі 122 гектар жерден 18 гектарды өзгеге бөліп берді дейді аудан әкімінің орынбасары.

Әділет Сыздықбаев, Май ауданы әкімінің орынбасары:

Мен өзім жеке бірнеше мәрте жинадым ол кісілерді. Бір келісімге келе алмай қойдық. Олардың араларында бірдеме бар, айта алмаймын. Өйткені бір-біріне біраз көзқарастары дұрыс емес сияқты. Биыл жерге таласу өте көп.Біз ертең ол кісілерді қайтадан жинаймыз.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу