Шымкентте 2 300 үй заңсыз салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 2 300 үй заңсыз салынған

02.10.2023

Шымкентте 2300 астам отбасы жер телімін өз бетінше иемденіп, қалауынша баспана тұрғызып алған. Олардың дені үйді сала берсек уақыт өте келе жылжымайтын мүлікті рәсімдеп аламыз деген ниетте болған. Ал біраз бөлігі алаяқтардың арбауына түсіп, құжаты жоқ жер телімін ауызекі келісіммен сатып алған. Тексеру барысында бұл құрылыстардың 1831 тұруға жарамды екені анықталды. Сондықтан уақытша пайдалануға берілуі мүмкін. Ал жарамсыз деп табылған 483 баспана бұзылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Бүгінде бұл санаттағы 175 жылжымайтын мүлік қиратылды. Жұртты алдап, заңсыз жер сатқан алаяқтар жауапқа тартылуда.

Алмас Қамбаров, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Жерді заңсыз сатқан азаматтарға полиция тарапынан қылмыстық істер қозғалған. Қолда бар мәлімет бойынша 2 азаматқа тергеу жүруде. Тұрғындардың көбісі қолдан сатып алған. Ауызекі келісіммен алғаны анықталып отыр.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу