Қырғыз астанасы Бішкекте 20-дан астам адам шаурмадан уланып қалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 15 адам республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Оның екеуі бала. Қалған 6 адам амбулаторлық ем қабылдауға жөнелтілген. Ұшынған науқастар фасфуд сататын екі орыннан тамақтанғандарын айтқан. Олар қазір жабылды. Сондай-ақ 72 мың сом айыппұл салынды.
Оңғар Алпысбай