Мемлекет басшысы Берлинде ірі компаниялардың басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Берлинде ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

01.10.2023

Мемлекет басшысы Берлинде аты германиялық болғанымен, заты баяғыда-ақ әлемдік сипатқа ие болған ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Олардың қатарында Mercedes Benz Group, Siemens, Stada (Штада), Bayer тәрізді алып компаниялар бар.

Әрине, осы сапардан кейін Қазақстанда Мерседес зауыты салынады деуден аулақпыз, бірақ Германия экономикасындағы жетекші компанияларының бізге назар аударғаны керек. Қазақстан қазір әлемдік алпауыттардың ТМД кеңістігіндегі бас кеңселері, бірлескен кәсіпорындары орналасатын еліне айналудан үмітті.

Ресейден көшкен алпауыт компаниялардың осында қалғаны керек. Фармацевтика, кен өндіру, медициналық жабдықтар жасау, қаржы секторы, логистика тәрізді салаларда табысқа жеткен неміс компаниялары Қазақстанға инвестиция салса, ұтылмаспыз.


Хабарламаларға жазылу