Азиада: Қытайдағы отандастарымыз жанкүйер болып, қолдау көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада: Қытайдағы отандастарымыз жанкүйер болып, қолдау көрсетуде

30.09.2023

Бұл - біздің спортшыларымызға жанкүйер болып, қолдау көрсетіп жатқан Қытайдағы отандастарымыз. Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету үшін Қытайдың әр жерінен Ханчжоу қаласына жиналған. Әлімжан Көшкімбайдың Қытайда жүргеніне 10 жылдай уақыт болған. Білім алып, кейін кәсібін бастаған. Отандасымыз шетелдегі қазақстандық жастар өте ұйымшыл екенін айтады.

Әлімжан Көшкімбай, жанкүйер:

Мен өзім арнайы Шанхайдан келдім. Ханчжоуға арнайы, біздің бокшыларымыз қолдап. Жанкүйерлер көп Пекиннен дос балалар келіп жатыр. Негізі Қытайда жүрген қазақстандықтар өте ұйымшыл. Қазір жайлап жиналып жатырмыз.

Отандасымыз Талғар Толқынұлы да Шанхай қаласындағы консерваторияда оқиды. Өнер адамы жанкүйерлердің қолдауы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

Талғар Толқынұлы, жанкүйер:

Мен музыкантпын, сондықтан да жанкүйерлердің қолдауын жақсы түсінемін. Олардың ниеттері, ықыласы бәрі біз үшін маңызды. Өте қатты шаттандырады. Сол үшін біз арнайы Шанхай қаласынан жиналып, барлық біздің Қазақстаннан келген спортшыларымызға 100 пайыз жанкүйер боламыз.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу