Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

29.09.2023

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Финалға дейін сүрінбей жеткен жігіттер алтын медаль сарапқа салынған шешуші сайыста Жапония құрамасына 36-35 есебімен есе жіберді.

Ел намысын: Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов қорғады. Есеп 31-31 болып тұрғанда шешуші дуэльде Эльмир Әлімжанов пен жекелей сынның жеңімпазы Коки Кано шеберлік байқасты. Шиеленіске толық бұл айқас та тең аяқталды. Ал қосымша уақытта жапониялық спортшы нәтижелі соққы жасап, құрамасына жеңіс сыйлады.

Велотректен мэдисон бағдарламасы бойынша сынға түскен Қазақстанның ерлер құрамасы болса, қола медаль иеленді. Алтын Жапония құрамасының, күміс Оңтүстік Корея спортшыларының еншісінде кетті.

Сондай-ақ, 10 шақырымға жүгіруден ел намысын қорғаған Кэролайн Кипкируи үшінші орын алды. Бахрейндік желаяқ чемпион болса, Жапония өкілі күміс медаль иегері атанды.


Хабарламаларға жазылу