Шағын бизнес иелерінің банкке қарызы бір жылда 5 трлн 200 млрд теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын бизнес иелерінің банкке қарызы бір жылда 5 трлн 200 млрд теңгеге жетті

29.09.2023

Кәсіпкерлер несие алуды көбейтті. Әсіресе, шағын бизнес иелерінің банкке қарызы бір жылда 24 пайызға өсіп, 5 трлн 200 млрд теңгеге жетті. Ranking.kz зерттеу орталығының дерегінше, бұл жалпы еліміздегі кредит алушылардың 20 пайызы. Ал ірі бизнестің банк алдындағы қарызы керісінше азайған. Сарапшылар мұны шағын және орта кәсіпті қолдау үшін жасалған шара дейді.


Хабарламаларға жазылу