Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 52806 теңге болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 52806 теңге болды

29.09.2023

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 52 мың 806 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға көп. Былтыр осы уақытта 47 мың 420 теңге шамасында болған.

Төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары мөлшері Маңғыстау облысында – 66 мың 700 теңге. Одан кейін Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстары тұр. Ал қалған 15 өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық көрсеткіштен сәл төмен.


Хабарламаларға жазылу