Атырауда сауда нүктелерінің картасы дайындалады. Сол арқылы тауар бағасы бақыланады. Мұнайлы өңірге жұмыс сапарымен барған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деді. Қазір тұрғындар тарапынан азық-түлік бағасына қатысты шағым көп. Осы мәселені реттеу үшін аталған бастама қолға алынбақ. Облыс кәсіпкерлерімен кездескен ведомство басшысы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, жиынға қатысушылардың өтініш-тілектерін тыңдады. Арман Шаққалиевтің сөзінше 2027 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемі 46,5 млрд долларға дейін жетеді. Сондай-ақ, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 5 шекара аралық хаб құрылатынын да жеткізді. Сонымен қатар тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерге айыппұл салу туралы заң жобасы әзірленеді.
Арман Шаққалиев ҚР Сауда және интеграция министрі:
Қазір бизнесмендердің құқықтары өте мықты қорғалады. Өте тиімді, түсінікті модель бар. Ал тұтынушылар, олар кей кезде құқықсыз қалады. Сол үшін мынадай институт бізге керек.