Алматыда былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қала әкімдігі мен Президент резиденциясын басып алу ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Прокурор Ахат Естібек айыпталушыларға айыптау актісін оқыды.
Сотқа барлығы 11 адам тартылды. Олардың біреуі қамауда, қалған 10 айыпталушы үйқамақта отыр. Барлық күдіктіге екі бап бойынша айып тағылды: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздік" және Қылмыстық кодекстің 269-бабының 3-бөлігі яғни "ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу". Күдіктінің жетеуі тағылған айыппен ішінара келіссе, төртеуі келіспейтінін айтты. Келесі сот отырысы енді 10-шы қазанға белгіленді.
Қуан Нұрақын