Балаларға қатысты жасалған қылмыстың жазасы қатаңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға қатысты жасалған қылмыстың жазасы қатаңдайды

29.09.2023

Елімізде жыл сайын балаларға қатысты 2 мыңға жуық қылмыс жасалады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 18 пайызға артқан. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында да қылмыс азаймай отыр. Қазіргі таңда Президенттің тапсырмасына сай құзырлы органдармен бірлесе заң жобасы әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жазаны қатаңдатуды міндеттеген болатын.

Қайсар Сұлтанбаев, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы:

Көбіне жауапкершілікті көбейту туралы ұсыныстар түсті. Ата-ана, қылмыскер, күдіктілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату қаралып отыр.


Хабарламаларға жазылу