Отандық сүт фермалары жабылып қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық сүт фермалары жабылып қалуы мүмкін

28.09.2023

Отандық сүт фермалары жабылып қалуы мүмкін. Осылай деген сенатор Зәкіржан Күзиев бұған 2025 жылдан бастап шикі сүтке қатысты енгізілетін жаңа талап себеп дейді. Оған сәйкес, өндіріс орындары сүтті автоматтандырылған жүйемен саууға міндеттеледі. Ал шағын шаруашылықтардың 90 пайызында бұған мүмкіндік жоқ. Сондықтан өндіріс қуаты 40 пайызға азайып, ауыл тұрғындарының 70 пайызы табысынан айырылуы мүмкін, -дейді сенатор. Жалпы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге және дамытуға басымдық беру керектігін президент өз жолдауында айтқан болатын.

Зәкіржан Күзиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ауыл шаруашылығы деп жатырмыз ғой. 88 пайыз сүт сол жерде өндіріліп жатыр. Соларды кооперация жасау керек. Оны Президент те айтып жатыр, 1 трлн теңге бөлеміз деп жатыр. Соны Үкімет бүгін қолға алу керек.


Хабарламаларға жазылу