Мемлекет басшысы өз Жолдауында электр энергетикасы секторы басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, Үкіметке елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырма жүктегені белгілі.
Қазақстанның энергетикалық нысандарының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Оны Президент те айтты. Әбден тозығы жеткен орталықтарды жөндеуге қыруар қаражат қажет. Осы ретте, депутаттар шетелден қайтарылған қаржы есебінен, энергетикалық нысандарды жөндеуді және салуды ұсынып отыр. Еділ Жаңбыршин Ұлттық арнаға берген сұхбатында осылай деді.