1 қазан күні Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс – Алматы Марафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазан күні Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс – Алматы Марафоны өтеді

28.09.2023

Алматылықтар мен қала қонақтары жылдың басты спорт мерекесіне тағы да дайындалуда. Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс – Алматы Марафоны биыл 1 қазанда өтеді.

Жыл сайын Нью-Йорк, Берлин, Лондон, Токио және басқа ірі мегаполистерде әйгілі марафондар өтіп, оған бүкіл әлемнен спортшылар қатысады. Ал Орталық Азиядағы ең ірі марафон дәстүрлі түрде Алматыда, титулды демеуші - Kaspikz-тің қолдауымен өтеді.Жыл сайын Алматы Марафонына оннан аса елдің желаяқтары қатысады. Көпшілігі тіпті Қазақстанға осы үшін арнайы келеді.Алматы Марафон ең көп адам қатысатын бұқаралық шара және қаланың визиттік картасы іспетті.

Рамазан Бейбітов, қала тұрғыны:

Бұл адамдардың бәрін осы спорттық шараға жинау бауырмашылықты арттырады.

Динара Жандарбекова, қала тұрғыны:

Бұл жердегі атмосфераны сезіну деген керемсет! Кез келген адам көру керек деп ойлаймын.

Тәңірберген Шаяхметов, қала тұрғыны:

Керемет сезім. Әр адам мұны сезініп көру керек деп ойлаймын.

Kaspikz 7 жыл қатарынан салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтарды қолдайтын осы бір кең ауқымды спорт оқиғасының титулды демеушісі. Марафон – бұл баршаға арналған мереке. Оған денсаулығында ерекшеліктері бар адамдар, ауыр сырқатпен күресіп жүрген балалар да қатысады. Ал қала тұрғындарының көпшілігі отбасымен келеді. Олардың арасында жастарды шаң қаптырып, айналасына энергия сыйлайтын қарттар да бар. Марафонға қатысу жарналары қайырымдылыққа жұмсалады. Марафон басталған уақыттан бері балаларды сауықтыру мен спортты қолдауға қатысты 25 ірі жоба жүзеге асырылды. Биылда қаражаттағы бірнеше нысанның құрылысына бағытталады. Дүниежүзінде марафондар қалалардың басты көшелерінде өтеді. Өйткені, бұл жайғана спорттық шара емес, үлкен қалалық мереке. Және бұл мақсатта барлық жерде көлік қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтатылады. Алматы да қалыс қалмайды.

Жексенбі, 1 қазан күні таңғы сағат 7-ден бастап бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондықтан Марафон күні бағыттарыңызды алдын ала жоспарлаған дұрыс. Алматы Марафон 1 қазан күні Республика алаңда таңғы 7-де басталады. Жүгірмесеңіз де, қатысушыларды қолдап, қуат пен жақсы көңіл-күй сыйлауға келіңіз!


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу