Мемлекет басшысы өз жолдауында «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді» деп атап өткен болатын. Бұған нақты мысал – Ақтөбе облысында осы бағдарламаға қатысуға тұрғындардан 1650-ге жуық өтініш түскен. Оның 1147-сі мақұлданып, 5 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие берілді. Әсіресе, ауыл тұрғындарының белсенділігі өте жоғары. Бірі мал өсірсе, екіншілері құс пен жеміс-жидек өсіруді қолға алған. Осылайша, бағдарламаның тиімділігін қарапайым тұрғындар көре бастады. Бұл, әсіресе, ауыл жастары үшін де үлкен мүмкіндік.