Басты Жаңалықтар Димаштың фанаттары Қазақстан құрамасына жанкүйер болды

Димаштың фанаттары Қазақстан құрамасына жанкүйер болды

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы фанаттары Азиадада бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасына жанкүйер болып жатыр. Жастар жағы ғана емес, Димаштың өнерін бағалайтын үлкендер де ба, мұнда. Сондай-ақ біздің құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастар да қолдау білдіруде.

Дэн Юэ, Ханчжоу тұрғыны:

Қазақстандық дзюдошылардың белдесулерін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын.
Лю Пэнчжань, жанкүйер:

Мен Димашты білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі. 

Бөлісу