Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылында туып-өскен дзюдошы Абылайхан Жұбаназардың сары құрлық бәсекесіндегі шешуші белдесуін ата-анасы Қазақстан ұлттық арнасынан тікелей эфирде көріп, ұлының жеңісіне куә болды. Жұбаназаровтар отбасы теледидардан кездесу барысын тапжылмай тамашалап, ата-анасы қатты қобалжыды. Дегенмен, өте тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны соңғы минутта қарсыласының осал тұсын тауып, иппон әдісімен жеңісті жұлып алды.
Кемал Аржықов, Абылайхан Жұбаназардың әкесі:
Абылайдың жетістігіне қуанып жатырмыз. Жетістіктен жетістікке жете берсін. Кішкентайынан бастап сол күрестің ізінде жүр ғой. Біздің қуанышымыз, Қазақ елінің мақтанышы болсын!