Ақтауда қоршауды қасақана сындырған оқушылардың ата-анасы жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда қоршауды қасақана сындырған оқушылардың ата-анасы жауапқа тартылды

25.09.2023

Ақтаулық үш оқушы жағалаудағы қоршауды қасақана сындырған. Бұзақылық бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына кадрлардан олардың декоративті қоршауды бұзып жатқанын анық көруге болады. Бұл жағдай полицияның назарынан тыс қалмады. Балалардың ата-аналарына хаттама толтырылып, жауапқа тартылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 6, 7 және 11 жастағы балалардың өздерімен де профилактикалық әңгіме жүргізді. Бүлінген мүлікті олардың ата-аналары қалпына келтіруі тиіс.

Хабарламаларға жазылу